2019 жылдан бастап Жамбыл облысында 23 424 қызметкердің жалақысы өседі

Орталық коммуникациялар қызметі Орталық коммуникациялар қызметі
Бүгінде облыстағы белгілі кәсіпорындар бұл шешімді қолдап, 9 мың қызметкердің еңбек ақысын көтергелі отыр - Асқар Мырзахметов.

Келер жылдан бастап, бюджеттен жалақы алатын 23 424 қызметкер үшін төменгі жалақы өседі. Бұл туралы бүгін "Орталық коммуникациялар қызметі" алаңында өтіп жатқан баспасөз конференциясында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов айтты, деп хабарлайды "ZhambylNews" Ақпараттық Агенттігі.

– Бизнес өкілдері бұл шешімді қолдау үшін әрбір кәсіпорын басшыларымен кездесулер өткізіліп, жұмыс жүргізілуде. Бүгінде облыстағы белгілі кәсіпорындар бұл шешімді қолдап, 9 мың қызметкердің еңбек ақысын көтергелі отыр. Олардың қатарында "Жамбылгипс" АҚ, "TMЗ" ЖШС, "ЖЗМК Имсталькон" ЖШС, "ТаразКожОбувь" ЖШС және "Жамбыл Цемент Өндiрiсiтік компания" ЖШС, Завод "Металконструкций и резервуаров" ЖШС, "Алтыналмас" АҚ снды кәсіпорындар бар. Облыстағы 95 ірі және орта бизнес субъектілерімен жыл соңына дейін келіссөздер жүргізіліп бітеді,-деді өңір басшысы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз