Жаңалықтар тізбегі
0

Айлық қашан түседі: Ақтөбе облысының Темір ауданында мұғалімдер тағы да жалақысыз отыр

aktobenews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2018 21:57 aktobenews.kz
ҚР Еңбек кодексінің 113 бабына сәйкес, жалақы келесі айдың он күндігінен кешіктірілмей төленуі тиіс.

Аудандық білім бөлімі қазан айының берешегін «осы аптада жабамыз» деп ант-су ішіп отыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

ҚР Еңбек кодексінің 113 бабына сәйкес, жалақы келесі айдың он күндігінен кешіктірілмей төленуі тиіс. Алайда, аудандық білім бөлімі бұл заңнаманы бұзып отыр. Соған орай, Темір аудандық прокуратурасының ұсынысымен еңбек инспекторы тексеріс жүргізген. Нәтижесінде, білім бөлімінің мыңнан аса мұғалімге жалақыны төлемей отырғандығы анықталды.

«Темір ауданы бойынша қыркүйек айына 1013 қызметкерге жалпы сомасы 38,8 млн теңге көлемінде жалақы төленбегенін анықтадық. Бұл заңбұзушылықты жою мақсатында білім бөлімінің басшысына нұсқама беріліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір қыркүйек айы бойынша берешек толық жабылды. Телефонмен хабарласқан уақытта, білім бөлімінің әкімшілігі қазан айының жалақысын осы аптада толық жабатындығын хабарлап отыр», — дейді Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының ақпараттық-талдамалық қамсыздандыру бөлімінің басшысы Нұрлан Ерекеев.

Еске сала кетейік, осыдан бір ай бұрын темірліктер әлеуметтік желіде жалақысыз отырғанын баяндап, жанайқайын жеткізген еді. Бір ай өткен соң қазан айының жалақысын алмаған мұғалімдер қайтадан әлеуметтік желіге шағымдарын жазды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: