Республиканың басым бөлігінде қар жауады

today.kz today.kz
Павлодар облысында желдің күші секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал.

Бүгін республиканың басым бөлігінде жауын-шашынды болады, ал солтүстікте қар жауады. Кей жерлерде екпінді жел соғып, көктайғақ болады, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Павлодар облысында желдің күші секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын жел соғып, оның жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Алматы мен Атырау облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде күндіз бұрқасын болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз