Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Өскемендік өртенген үйден екі баланы құтқарды

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Сурет : inform.kz26 Қараша 2018, 15:16

Өскемен тұрғыны Михаил Рыболов өрттің құрбаны бола жаздаған екі баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы Анастасия Склярға сілтеме жасап.

"Танысып қойыңыздар, мына суреттегі жігіт күні кеше өрттің тұтқынында қалған екі баланы құтқарып алды. Оқиғаға куә болған Михаил лаулаған өрт пен түтінге қарамай, баспалдақпен екінші қабаттың терезесі арқылы үйге еніп, екі баланы сыртқа алып шыққан", - деп хабарлайды Анастасия Скляр Фейсбук парақшасында.

Белгілі болғандай, оқыс оқиға 25 қарашада Өскемен қаласының "Восточник-6" саяжайындағы Арсеньев көшесінде тіркелген. Жеке тұрғын үйдің шатырын тілсіз жау шарпып, көршілер бірден өрт сөндіру қызметіне хабар берген. Алайда аталмыш үйдің көршісі Михаил Рыболов өрт сөндірушілердің күтпестен, екі баланы құтқаруға ұмтылған.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жарты сағаттың ішінде тілсіз жауды ауыздықтады. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер