Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Елімізде Ясауи хикметтері тұңғыш рет музыка арқылы орындалады

Шығармашылық кештің мақсаты – Қожа Ахмет Ясауидің соңында қалған телегей-теңіз рухани мұрасын насихаттау.

Сурет : bnews.kz29 Қараша 2018, 15:10

Елімізде Ясауи хикметтері тұңғыш рет музыка арқылы орындалады. Қазақстанда алғашқы рет кәсіби музыка тілімен насихаттайтын, хикметтерімен таныстыратын шығармашылық кештің мақсаты – Қожа Ахмет Ясауидің соңында қалған телегей-теңіз рухани мұрасын насихаттау, деп хабарлайды BNews.kz.

2018 жылғы 30 қараша күні, сағат 19:00-де Астана қаласы "Астана" концерт залында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласы әкімдігі, "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және Астана қаласы мемлекеттік филармониясының ұйымдастыруымен тұңғыш рет Қожа Ахмет Ясауидің хикметтеріне қалам тартқан елге белгілі ағайынды композиторлар Серікжан және Әліби Әбдінұровтардың "Әзірет қонған Түркістан" концерті және Ясауи жайлы көрме өтеді.

Концертке Астана қаласы мемлекеттік филармониясының академиялық симфониялық оркестрі, камералық хоры, жеке орындаушылар және Павлодар қаласынан арнайы келген вокалдық квинтет (әншілер тобы) қатысады.

"Хикметтер" симфониялық дастаны ұлы бабамыздың "Диуани хикмет" кітабын оқу барысында туған толғаныстарда және "Мәңгілік" дауыс пен симфониялық оркестрге арналған шығармада сазгер Ясауи ілімінің рухани маңыздылығына, тереңдігіне көңіл бөлінген. "Уа, жаратқан" дауыс пен оркестрге арналған романста Жаратқанның хақ екендігін, күнәларының кешуін, жауапты күннің келетіндігі туралы толғанса, "Қожа Ахмет Ясауи" туындысы ақын және симфониялық оркестрге арналған. Бейт-симфонияда автор жеке орындаушы ретінде ақынды таңдады. Себебі ол ұлы бабаның өз бейнесі іспеттес. Тыңдармандарға ұлы ұстаз, ақын өзі тіл қатып, хикметтерін халқына өзі оқып тұрғандай әсер береді.

Кеште Қ.А. Ясауидің хикметтеріне жазылған көптеген шығармалар орындалады. Олардың қатарында дәстүрлі әншілердің орындауында – "Ей, сопы", "Расулдың ризалығы", Павлодар қаласынан келген вокалдық квинтеттің орындауында – "Салауат", "Аш, ей момын көзіңді", қылқобызбен – "Диуани хикмет", баянмен – "Арыстанбаб", "Абыз", скрипка аспаптарымен – "Күй-толғау", дауыс және оркестрмен – "Уа, жаратқан", "Мәңгілік", оркестрмен – "Сүйінші", "Балбал", дауыс, флейта және хормен – "Яссы", симфониялық дастан – "Хикметтер", ақын және симфониялық оркестрмен – "Қожа Ахмет Яссауи" шығармалары орындалады.

Қазақстан композиторлық мектебінде рухани тақырыпқа алғаш рет қалам тартқан ағайынды композиторлар Түркістан облысының тумалары. Қасиетті Түркістан, Отырар топырағынан нәр алып, саналы шығармашылық жолында Қожа Ахмет Ясауидің рухани ілімін басты тақырып етіп таңдаған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер