Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматы облысында көлік жүргізушісін тонады деген күдікпен екі азамат ұсталды

Полиция өкілдерінің айтуынша, оқиға Іле ауданының аумағында орын алған.

Сурет : www.zakon.kz30 Қараша 2018, 09:11

«Алматы облысында өздері отырған көліктің жүргізушісін жаралап, қарақшылық жолмен ақшасы мен ұялы телефонын тартып алған екі азамат ұсталды»,- деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.

Полиция өкілдерінің айтуынша, оқиға Іле ауданының аумағында орын алған. 28 қарашаға қараған түні Іле ауданының полициясына автокөлік жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшыларының жедел іздестіру шаралары барысында қылмысқа қатысы бар деген күдікпен екі азамат ұстады.

Алдын ала анықтау бойынша, 25 және 33 жастағы екі күдікті жол-жөнекей тоқтатқан көлік жүргізушісіне дене жарақатын салып және бөтелкенің сынығымен қорқытып, қалтасындағы ақшасы мен ұялы телефонын тартып алған.

«Қарақшылық» дерегі бойынша екі азамат күдікті ретінде ұсталды және оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Аталған іс Іле ауданы полициясының өндірісінде»,- деп атап өтті полиция өкілдері.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер