Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ертіс өңіріндегі үш өрт: 83 жастағы зейнеткер көз жұмды

Қайғылы жағдай 1-желтоқсанда Майра көшесі, 21 мекенжайы бойынша сағат 3.18-де 10 қабатты тұрғын үйде орын алды.

Сурет : Ақбота Сейсенбаева4 Желтоқсан 2018, 12:01

Әйел адам № 1 қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Қайғылы жағдай 1-желтоқсанда Майра көшесі, 21 мекенжайы бойынша сағат 3.18-де 10 қабатты тұрғын үйде орын алды. Облыстық ТЖД басқармасының мәліметінше, үш бөлмелі үйде толығымен жатын бөлмесінің 18 ш.м аумағы жанып кеткен. - Оқиға орнында екі газ-түтіннен қорғау қызметі жұмыс істеді. Өрт сөндірушілер 83 жастағы әйел адамды алып шықты.

Жедел жәрдем орта дәрежеде ысты газбен улану диагнозымен зейнеткерді ауруханаға жеткізген. Өкінішке орай, қария сағат 5.34-те көз жұмды, - дейді департаментте. Өрт сөндірушілер 72 адамды сыртқа шығарған. Оның 12-сі – балалар. Алдын ала болжам бойынша, отты дұрыс қолданбау өрттің шығуына себеп болған. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 18 адам мен алты техника жұмылдырылды. Ромашковая көшесіндегі «Южный» бағбаншылығында үш бөлмелі үйде жатын бөлме өртенген. - 80 шаршы метр аумақта ағаш құрылымдар жанған.

Бір газ-түтіннен қорғау қызметі жұмыс істеді. Өрт сөндірушілер 27 литрлік газ баллонын алып шықты. Жеке құрамнан 16 адам мен төрт техника шықты. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ, - дейді департаментте. Екібастұз қаласы Шідерті ауылында екі бөлмелі үйде газ-ауа қосындысы баллоны жарылған.

- Кіреберісте төбенің ағаш құрылымдары, бөлме аралықтары, жиһаз, тұрмыстық техника отқа оранған. Жедел жәрдем орталық ауруханаға төрт адамды жеткізді. Жансақтау бөліміне денесінің 60 пайызын екінші дәрежелі күйік шалған 48 жастағы әйел жеткізілді. Сонымен қатар 29 жастағы әйел мен денесін 40 пайыз күйік шалған төрт жастағы қыз бала зардап шекті, - дейді департаментте.

Тұрмыстық газ құрылғыларын қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау өрттің шығуына себеп болған. Өрт сөндірушілер қосымша 27 литрлік газ баллонын шығарған. Оқиға орнында жеке құрамнан бес адам мен бір техника жұмыс істеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер