Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Астаналық тұрғын кеспенің кесірінен кесел тапқан

Ыстық суға салсаңыз дайын сорпа болып шыға келетін қытай кеспесінің салдарынан ауру тауып жатқан адамдар бар. Және де дәрігерлер мұндай науқастар саны көбейіп келе жатқанын айтады.

Сурет : www.zamana.kz4 Желтоқсан 2018, 17:40

Астана қаласының тұрғыны Н. Биетов асқазан жарасына тап болған. Ауруханадан бір-ақ шыққан азамат бұл асқа студент кезден әуес болған. Өндіріс орнында ұзақ уақыт сақталуы үшін кеспе пальма майымен майланады. Оның от тигізсеңіз лаулап жана кететіні сондықтан. Асқазан жарасын тудыратын да тап осы май екен деп жазады Замана газеті.

Асқазан жарасы – «бич-пакетттен» келетін қауіптің бастамасы ғана көрінеді. Бұл «сорпа» балаларды гипербелсенділік, психикалық ауытқушылық және депрессияға шалдықтырады. Семіздіктің бірден-бір себебі осы кеспелер. Дәрігерлер оның қатерлі ісікке соқтыратынын айтады.

«Бұл жылдам дайындалатын кеспе – өте зиянды тағам. Әсіресе балалар үшін! Бұл кеспені жүкті және бала емізетін әйелдерге жеуге мүлдем болмайды. Себебі кеспені ұзақ сақтау үшін оған натрий глутаматын қосады. Ол химиялық өндірісте жасалатын синтетикалық тұз. Натрий глутомат ағзада жиналып, оны уландырады. Глутамат ағзаға түскеннен кейін асқазанды зақымдайды, қатерлі ісіктің дамуына себепкер – осы. Бронхиальды астманы да себеп ас­қындырады» – дейді Ұлттық онкология және трансплантология орталығының гастроэнтерологы Күлпәш Қалиасқарова.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер