Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматы облысында ауылдық отбасының қылмыстық бизнесі жабылды

Аталған ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес жүргізілуде.

Сурет : Алматы облысы Полиция департментінің Баспасөз қызметі5 Желтоқсан 2018, 09:48

Полицейлер кәріздік және арықтың көптеген қақпақтарын ұрлады деген күдікпен әкелі-балалы екі азаматты ұстады деп хабарлайды zakon.kz.

Оқиға Ұйғыр ауданының орталы Шонжы ауылында орын алған. Қараша айының басында полицияға шойыннан құйылған кәріз қақпатарының жаппай жоғалып жатқаны туралы азырдар түсе бастады. Тәртіп сақшылары, өз кезегінде, металл сынықтарын қабылдау орындарын тексеру бойынша тиісті тексерулер ұйымдастырды және күдікті тұлғаларды анықтау мақсатында жұмыс жасайтын жедел-тергеу тобын құрды.

«Жүргізілген іс-шаралар барысында қақпақтарды ұрлаумен және оны түрлі-түсті метал қабылдайтын орындарға өткізумен айналысқан бір отбасының екі азаматы анықталды. Күдіктілерден бір ай ішінде 3 тоннаға жуық қолды болған кәріздік және арық қақпақтарын тасымалдауы мүмкін автокөлік тәркіленді. Қазіргі уақытта ұсталғандар 120 қақпақты ұрлады деген күдікке ілінді. Күдіктілердің үйінен табылған және тәркіленген 42 шойын қақпақ қылмыстық өндіріс материалына айғақзат ретінде тіркелді»,- деп хабарлайды Алматы облысы Полиция департментінің Баспасөз қызметі.

Аталған ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес жүргізілуде.

Сонымен қатар, ведомство өкілдерінің хабарлауынша, полицейлер күдіктілердің ұрланған қақпақтарды бөлшектеп өткізген метал қабылдау орнын анықтады. Оның иесі де ұрланған мүлікті сатып алғаны үшін жауапкершілікке тартылатынын болады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер