Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматы облысында иесін өлтіріп, көлігін алып кеткен күдікті ұсталды

Ведомствоның хабарлауынша, күдікті «Тойота» маркалы көлігін сатуға келген 26 жасар азаматты «ақшаны үйде беремін» деген желеумен алдап, көлікке нотариалды құжат жасатқан.

Сурет : inform.ru5 Желтоқсан 2018, 15:24

Полицейлер Алматы облысы аумағында орналасқан ірі көлік базарының бірінде көлік сатушы өлтіріп, көлігін алып кеткен күдіктіні ұстады. Бұл туралы zakon.kz Алматы облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның хабарлауынша, күдікті «Тойота» маркалы көлігін сатуға келген 26 жасар азаматты «ақшаны үйде беремін» деген желеумен алдап, көлікке нотариалды құжат жасатқан. Көлік базарынан шыққанда елсіз жерде көлік иесін өлтіріп, мәйітін жол-жөнекей жарға көміп кеткен.

«Түркістан облысының тұрғынын өлтіріп, көлігін алып кеткен бұған дейін сотты болған 36 жастағы облыс тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл іс облыстық тергеу басқармасының өндірісінде»,- деп атап өтті облыстық полиция өкілдері.

Айта кетейік, қолды болған көлік күдіктінің үйінен табылып, тәркіленді және іс материалдарына айғақзат ретінде тіркелді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер