Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбелік дәрігерлер соғыс ардагерінің денесінде 63 жыл тұрған оқты тапқан

aktobenews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2018 18:02 aktobenews.kz
Мұндай оқиғамен қалай кездескендерін аудандық аурухананың бас дәрігері де баяндап берді.

Ақтөбе облысы темір ауданының тұрғыны Айтбай Алмағанбетовтың денесінде пулемет оғы 63 жыл бойына тұрған деп жазады aktobenews.kz.

Ардагер соғыс жылдары денесіне кірген оқты сезбепті. Денесінде жүрген темір қарт жауынгерді 60 жылдан кейін ғана мазалаған.

Мұндай оқиғамен қалай кездескендерін аудандық аурухананың бас дәрігері де баяндап берді.

«1942 жылы Ұлы Отан соғысы ардагерінің оң жақ иығынан пулеметтің оғы рикошет болып тиген. Себебі оқтың басы майысып тұр. Әскери госпитальға емделіп шыққаннан кейін қайтадан соғысқа кірген. Сол оқ еттің арасымен қозғалып, 1960 жылдары шынтақ буынына келіп тіреледі. Өйткені шынтақ буынын бүге алмай қалған. Бірақ бұл кісі санаторийге барып, сол жерде массаж алған. Осы процедурадан кейін шынтақ буыны бүгіле бастаған. Өйткені оқ әрі қарай өтіп кеткен болу керек. 2005 жылы 9 мамыр қарсаңында ол кісі аудандық бас дəрігердің орынбасары, хирург Мұхтар Елеусінұлына қаралды. Оң жақ білегінің ортаңғы бөлігінде ісік пайда болған. Хирург ісіктің үстінен жергілікті анестезия арқылы кесіп, ревизия жасалған кезінде осы оқ шықты», — дейді Темір аудандық орталық ауруханасынының бас дәрігері Есентемір Демегенов.

63 жыл бойына соғыс ардагерінің денесінде жүрген оқ қазір аудандық мұражайда тұр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: