Жаңалықтар тізбегі
0

Қозғалыс барысында телефон пайдаланған қоғамдық көлік жүргізушілері жазаланды

www.zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2018 23:38 www.zakon.kz
Тәртіп сақшылары көлікті басқару кезінде жүргізуші назарын басқа жаққа аударатын заттарды, әсіресе, телефонды пайдалану көліктегі адамдар үшін де, жаяу жүргіншілердің өмірі үшін де өте қауіпті екенін ескертеді.

Алматы облысының тәртіп сақшылары жүргізген «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы барысында үш күн ішінде 64 жүргізуші жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көлікті тізгіндеу кезінде телефонды пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды,- деп мәлімдеді облыстық полиция өкілдері.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, облыс тұрғындары әлеуметтік желілер арқылы немесе полиция басшылығының атына хат жазып, автобус жүргізушілерінің қозғалыс барысында телефон пайдаланатынын, осы арқылы жолаушылар өміріне қауіп төндіретіні туралы айтады. Сондай-ақ, жолаушылар тасымалдайтын көліктердің жол-көлік апатына ұшырауының себеп-салдарын зерделеу барысында апаттық сәтте жүргізушілердің назары жолда болмауының деректерін кездестіруге болады.

«Қоғамдық көліктер тарапынан жол жүру ережелерін бұзуды болдырмау, жолаушылардың қауіпсізідігін қамтамасыз ету мақсатында желтоқсан айының 3-9 күндері Алматы облысы аумағында «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. 3 күн ішінде қоғамдық көлік тізгіндеген жүргізушілер тарапынан жол жүру ережесін бұзудың үш жүзге жуық дерегі тіркелген. Оның ішінде, алпыс төрт жүргізушіге жол жүру барысында телефон пайдаланғаны үшін хаттама толтырылып, әкімшілік айыппұл салынды»,- деп атап өтті ведомстводағылар.

Өз кезегінде, тәртіп сақшылары көлікті басқару кезінде жүргізуші назарын басқа жаққа аударатын заттарды, әсіресе, телефонды пайдалану көліктегі адамдар үшін де, жаяу жүргіншілердің өмірі үшін де өте қауіпті екенін ескертеді. Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарына сәйкес көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдаланғаны үшін алғаш рет 12 025, ал бір жыл ішінде қайталаса 24050 теңге айыппұл салынатынын еске салады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: