Балгерге барып алданған клиенттер оның үстінен арыз жазды

sn.kz sn.kz
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алматы облысының 34 жастағы Т. есімді тумасы алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Оның айтуынша, клиенттер оған өздері келген. Сондай-ақ, оның көрсеткен қызметіне қомақты ақшаны өздері беріпті деп хабарлайды sn.kz, Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ол көбінесе әйелдерді алдап келген. Оларға неше түрлі дуалардан, қарғыстардан арылтуға уәде берген. Әйелдер балгерге сенген және нәтижеге жету үшін ақшаларын аямапты. Алаяқ бір клиентінен 200 мың теңге алған. Бірақ клиент өзі қалағандай нәтижеге жете алмапты. Алданған әйелдер полицияға арыз жазған», – дейді Әуезов ауданы полиция басқармасының полковник полициясы Әлішер Тұрсынбетов.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз