Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Қазақстан жастары заман ағымына сай кәсіпкерлікке бағыт алады

Жастармен әртүрлі деңгейде жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігін арттыруға арналған халықаралық сапар ҚР БҒМ және Дүниежүзілік банкпен жүзеге асырылып жатқан "Zhas Project" Жастар корпусын дамыту жобасы аясында ұйымдастырылған.

Сурет : Білім жəне ғылым министрлігі14 Желтоқсан 2018, 09:38

Ел Президенті 2019 жылды Жастар жылы деп жариялап, оларға барлық бағыттар бойынша қолдау көрсетуге шақырды. Осыған орай, еліміздің мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарының өкілдері Эстония және Финляндия елдеріне оқу-тәжірибе жинау мақсатында сапарға барып қайтты. Шетелдік тренелерден білген-түйгендерін олар жергілікті әріптестерімен бөлісті.

Жастармен әртүрлі деңгейде жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігін арттыруға арналған халықаралық сапар ҚР БҒМ және Дүниежүзілік банкпен жүзеге асырылып жатқан "Zhas Project" Жастар корпусын дамыту жобасы аясында ұйымдастырылған. Бұл сапардан көкіректеріне жаңа білім түйген тренингке қатысушылар қазан және қараша айларында үш күн аралығында жастармен жұмыс істейтін ұйымдар 80-нен астам өкілдерінің басын қосып, бір-бірімен белсенді қарым-қатынас құруды үйретті. Шеберлікті арттыру шарасына қатысушылар жастармен жұмыс істеудегі және оларды қоғамдық өмірге жұмылдырудағы білімдері мен дағдыларын жетілдірді. Сондай-ақ, тренингте инновациялық қызметтерді қолдау және жас азаматтар мен NEET жастарының кәсіпкерлік икемдерін дамыту мәселелері қозғалды.



Қатысушыларға жастарды кәсіпкерлік іскерлікке жұмылдыру, әлеуметтендіру және даму дағдыларын дамытумен айналысатын жұмыстарының жобаларын құру немесе іске асырып жатқан жобаларын жетілдіруге байланысты тапсырмалар берілді. Тренинг соңында олар алған білімдерін, тәжірибелерін және бизнес-кейстерін пайдалана отырып құрған өздерінің жобаларын тренерлердің назарына ұсынды.

Өзінің халықаралық сапардан алған тәжірибесімен Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының жетекшісі Роллан Құспан да бөлісті, ол Финляндия және Эстонияның кәсіби бейінділік бойынша тәжірибесі арқылы жастарды қолдау жөнінде жол картасын құрды.

- Біздің мақсатымыз – жастар жоо-ны тәмамдаған соң жалдамалы жұмыскер болуға емес, өз кәсіптерін ашуға тырысатын, анағұрлым тапқыр болып, өздері басқа адамдарға жұмыс ұсынуға талпынуларына жол ашу. Міне, біз дәл осы бағытта жұмыс істейтін боламыз, - дейді Роллан Құспан.



Шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен танысып қайтқан мамандар жергілікті жастарды қазіргі заман ағымына сай бағыттарға бұрып, кәсіпкерлік икемділіктерін дамытып, инновациялық жобаларды іске асыруға талпыныстарын қолдау қажет екенін атап өтуде.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер