Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

IQanat Олимпиадасының іріктеу кезеңі басталды

Бүгінгі таңда аймақтық іріктеу олимпиадалары Қазақстан Республикасының 14 облысының 63 ауданында өтті, тіркелген оқушылардың жалпы санының 80%-ы келді.

Сурет : ---14 Желтоқсан 2018, 18:20

Бүгінде қазақстандық оқушылардың 50%-ы ауылдарда оқиды. Тіпті мемлекеттік бағдарламалардың қолдауымен, ауыл балаларының жоғары оқу орындарына түсу нәтижесі ел бойынша орташа көрсеткіштерден төмен. Еңбекқор ауыл балалары үшін біршама қиындықтар бар: ауылдарда педагог кадрлардың айтарлықтай тапшылығы, түрлі білім беру орталықтарынан алшақ орналасуы.

Жаңа білім беру бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің және қазақстандық кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асып отыр. Негізгі мақсаты – ауылды жерлердегі зерек балаларды қолдау, олардың отандық және шетелдік университеттерде білім алуына мүмкіндік беру. Білім және ғылым министрлігінің 24.05.18 жылғы №226 бұйрығымен IQanat олимпиадасы республикалық олимпиадалар тізіміне кірді және бірегей білім сайысы 4 пән бойынша өткізіледі: математика, физика, ағылшын тілі, әдебиет ("Эрудит" эссе сайысы). Оқушы 1 немесе 2 бағытты таңдай алады.

Бүгінгі таңда аймақтық іріктеу олимпиадалары Қазақстан Республикасының 14 облысының 63 ауданында өтті, тіркелген оқушылардың жалпы санының 80%-ы келді. 2019 жылдың қаңтар айында қалған 72 ауданның финалистері 2 турға қатысады. ҚР БҒМ мәліметі бойынша, 163 ауданда 4 687 ауылдық мектеп жұмыс істейді, онда тоғызыншы сыныптың 142 997 оқушысы оқиды. Олардың арасынан 135 ауданнан 28 377 оқушы IQanat олимпиадасының 1 турына өтінім берді.

Оның 600-і (әрбір ауданнан 5 оқушы) 2019 жылы мамыр-маусым айларында Астана қаласындағы Назарбаев Университетінде өтетін IQanat финалдық республикалық олимпиадасында жоғары оқу орындарына гранттар үшін күреседі.

Қазақстандық кәсіпкерлердің қолдауының арқасында жоба ҚР барлық облыстарында сәтті жүзеге асырылуда, меценаттардың 2018-2019 оқу жылына арналған жобаны ұйымдастыруға қосқан үлесі 300 млн.теңгеден асты.

IQanat олимпиадасының әр турына дайындық бойынша барлық әдістемелік материалдар қолжетімді және Қордың ресми сайтында орналастырылған. http://iqanat.kz/. Тапсырмалар "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының сараптамасынан өтті. Олимпиада өткізудің әдістемелік негізі құрылды. Барлық ұйымдастыру жұмыстарын әр облыста тұрақты негізде жұмыс істейтін IQanat қорының үйлестіру орталықтары жүргізеді, бұл Олимпиаданың әділ өтуін қамтамасыз етеді.

Қатысушылардың тапсырмаларды, тақырыптарды, бейне сабақтарды қарап, олимпиадаға тиімді дайындалуға мүмкіндігі бар. Тағы бір артықшылығы - Android үшін Google Play-де және iOS үшін AppStore-де тегін қолжетімді мобильді қосымша, ол онлайн түрде нәтижелерін қадағалауға мүмкіндік береді.

Ескерту: жобаға тек 9 сынып оқушылары қатысады. Бұл оларды мектептерде оқытудың кейінгі екі жылы ҚР және әлем университеттеріне түсуге дайындық мақсатында бағдарламаның қамқорлығында болады (бейіндеуші пәндерді таңдау, шет тілдерін терең оқыту, олимпиадаларға дайындық, білім әдебиетіне қол жеткізу, тестке дайындық, менторлық).

"IQanat білім беру қоры" жас таланттардың тәлімгерлеріне жанқиярлық еңбегі, өз тәрбиеленушілеріне сенімі, олардың толыққанды азамат болып қалыптасуына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді. ҚР облыстары мен аудан орталықтарындағы меценаттарды ынтымақтастыққа шақырады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер