Алматы облысының полицейлері тіркелмеген қырық шақты мылтықты тәркіледі

www.zakon.kz www.zakon.kz
Ведомство таратқан ақпарға сәйкес, қыркүйек айында басталған республикалық іс-шара аясында қару-жарақ иелерінің заңнама талаптарын сақтауына бақылау жүргізіліп, өңірдегі қару-жарақ айналымы тексерілді.

«Алматы облысының тәртіп сақшылары «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында еш жерде тіркелмеген 39 қаруды анықтап, тәркіледі»,- деп хабарлайды zakon.kz, облыстық полиция өкілдеріне сілтеме жасап.

Ведомство таратқан ақпарға сәйкес, қыркүйек айында басталған республикалық іс-шара аясында қару-жарақ иелерінің заңнама талаптарын сақтауына бақылау жүргізіліп, өңірдегі қару-жарақ айналымы тексерілді.

«Учаске» іс-шарасы барысында 39 мықтықтың, оның ішінде 8 ойық мылтық, 26 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы және өзге қарулардың тіркелмегені анықталды. Олар тәркіленіп, қару иелеріне ірі көлемде әкімшілік айыппұлдар салынды.
Сонымен қатар, іс-шара барысында қаруды сақтау ережесін сақтамағаны үшін 531 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды»,- деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қару иелері заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтауы тиіс. Өз кезегінде, тәртіп сақшылары заңнаманы білмеу азаматтарды жауапкершіліктен босатпайтынын ескертеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз