Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Оралда айыппұлын төлей алмаған бұрынғы полицей түрмеде жазасын өтейді

Орал қалалық сотының биылғы 15 ақпандағы үкімімен олардың әрқайсысына параның жетпіс еселенген мөлшерінде, яғни 17,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынған еді.

Сурет : 24.kz20 Желтоқсан 2018, 13:01

Оралда айыппұлын төлей алмаған бұрынғы полиция қызметкерлері түрмеде жазасын өтейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Альфия Хабибуллина, Әсем Найзабекова және Бақытжамал Есенәлиева ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағына сәйкес айыпты деп танылған болатын.

Орал қалалық сотының биылғы 15 ақпандағы үкімімен олардың әрқайсысына параның жетпіс еселенген мөлшерінде, яғни 17,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынған еді.

Сонымен қатар, бұрынғы полиция қызметкерлері жергілікті өзін-өзі басқару және мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылып, А.Хабибуллина мен Б.Есенәлиева капитан, Ә.Найзабекова лейтенант шенімен қош айтысқан болатын.

Заңға сәйкес айыппұл үкімде көрсетілген мерзімде төленбеген жағдайда бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылады. Орал қалалық сотының қаулысымен аталған үш сотталушыға 17,5 млн теңге көлеміндегі айыппұл жазасы 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орта қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге ауыстырылды. Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда парақор полицейлерге 17,5 млн теңгеден айыппұл салынғанын жазған болатынбыз.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер