БҚО-да ер адам үш кісіні өлтіріп, денелерін өртеп жіберген

liter.kz liter.kz
Қанды қылмыс 21 желтоқсан күні болған.

Ер адам екі әйел, бір еркекті қинап өлтіріп, артынша оларды үймен қоса өртеп жіберген деп жазады sn.kz.

Қанды қылмыс 21 желтоқсан күні болған. БҚО полиция департаментіне Теректі ауданы Федеров ауылындағы Межколхозная көшесіндегі үйдің өртенгені туралы хабарлама түседі. Өрт сөндірушілер тобы үйден қинап өлтіру белгілері бар үш адамның мәйітін тапқан.

Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру жұмыстары барысында 45 жастағы күдікті ұсталды. "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

"Өрт болған үйдің ішінен 63 және 68 жастағы екі әйел, сондай-ақ, 50 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Өрт сөндіруге арнайы 2 техника, 7 адам жұмылдырылды. Жалын толығымен сағат 00:45-те сөндіріліп бітті", - дейді БҚО Төтенше жағдайлар департаменті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз