Қарағандыдағы төбелеске ұлтараздық алауыздық себеп болмаған – прокуратура

sputniknews.kz sputniknews.kz
Қарағанды облысының прокуратурасы халықты арандап қалмауға шақырып, ұлтараздық алауыздық тудырғандар жазаланатынын ескертті.

Прокуратура Қарағанды мейрамханасының жанында болған төбелес этносаралық сипат алды деген хабарламаны жоққа шығарды деп жазады sputniknews.kz.

Әлеуметтік желілерде кейбіреулер жағдайды тұрақсыздандыруға тырысып, Қарағандыдағы төбелестің себебі туралы қасақана жалған мәлімет таратып жатыр, деп жазылған облыс прокуратурасының үндеуінде.

Қақтығыс ұлтаралық негізде болғаны туралы мәлімет қоғамдық пікірді өзгертуге бағытталған, деп көрсетілген мәлімдемеде.

Прокуратура арандап қалмауға шақырып, заңсыз митингі ұйымдастыруға және оған қатысуға әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. Ұлтараздық өшпенділік пен алауыздықты тудыруға бағытталған қасақана іс-әрекеттер жасағандар да сотталып кетуі мүмкін.

1 қаңтарға қараған түні Қарағанды мейрамханасының клиенттері төбелесіп қалды. Қақтығысқа ұрыс-керіс себеп болған. Жанжал қатысушылары трагедияға дейін спирттік ішімдік ішкен. Салдарынан 23 жастағы жігіт көз жұмды, тағы үшеуі жарақат алды.

Күдіктілердің үшеуі қамауға алынды, төртіншісіне республикалық іздеу салынды. Бейсенбіде облыстық полиция департаменті олардың фотосуреттерін жариялады.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Кісі өлтіру") және 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды.



zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз