Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда төрт күннен кейін ҰБТ басталады

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2019 15:19 sputniknews.kz
ҰБТ-ны қаңтарда тапсырғандар маусым айында қайта тестен өтіп, мемлекеттік грант беру конкурсына қатыса алады.

Білім және ғылым министрлігі 15 –20 қаңтар аралығында ақылы негізде Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетінін хабарлады деп жазады sputniknews.kz.

Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу жылына 4 рет — қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында өткізілмек. Тестілеу ақылы негізде өтеді, құны — 2242 теңге. Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2019 жылы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалады, деп жазды ҚР премьер-министрінің сайты.

Қаңтар, наурыз, тамыз айларында өтетін тестілеуге қатысу арқылы оқуға түсуші ЖОО-ның ақылы бөліміне құжат тапсыра алады. Қаңтарда шекті балды жинаған тестке қатысушы ҰБТ сертификатымен ЖОО-ға коммерциялық негізде оқуға түседі. Сонымен қатар, ҰБТ-ны қаңтарда тапсырғандар негізгі ҰБТ-ны маусым айында да тапсырып, мемлекеттік білім беру гранттарын беру конкурсына қатыса алады.

"Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша өтетін конкурсқа қатысу үшін міндетті түрде 2019 жылғы маусым-шілде айларында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу қажет", — деп жазылған ҚР БҒМ ақпаратында.

2019 жылғы ҰБТ форматы еш өзгеріссіз қалатынын атап өткен жөн. Оқуға түсуші дәстүрлі түрде 3 міндетті пән (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы) және 2 бейіндік пән бойынша тестілеуден өтеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: