Жаңалықтар тізбегі
0

Димаш "Дәуірдің ұлы әншілері" сауалнамасында 35-орында келе жатыр

rambler.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2019 22:07 rambler.ru
Бұл тізім әлемнің ең ғажайып музыканттарын қамтиды.

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген АҚШ-тағы танымал интернет алаңдарының бірі - Ranker-дегі "The Best Singers of All Time" (Дәуірдің ұлы әншілері) дауыс жинау сайысында үздік 40 әншінің қатарында келе жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ranker түзіп отырған рейтинг уақытты талғамай әлемнің ең үздік әншісін таңдауды көздеп отыр. Аталмыш интернет алаңда бұл сауалнама жыл сайын өткізіледі. Әзірге рейтингтің үздік бестігін Фредди Меркьюри, Майкл Джексон, Уитни Хьюстон, Элвис Пресли мен Фрэнк Синатра бастап тұр. Уақытты талғамай үздік әншіні анықтамаққа бекінгендер рейтингке қазіргі танымал әншілермен бірге өмірден өтіп кеткен орындаушыларды да енгізген.

Үздік әншіге дауыс беру үшін мына сілтемеге өтіп, ұнаса жоғары белгіні, ұнамаса төменгі белгіні көрсетуге болады.

"Бұл тізім әлемнің ең ғажайып музыканттарын қамтиды. Бүкіл дәуірдегі ең үздік әнші ретінде кімді нұсқар едіңіз? Ұнаған әншіңізге дауыс беріңіз", - делінген сауалнама жазбасында.

Орталығы Америка Құрама Штаттарының Лос-Анджелес қаласында орналасқан әлемнің ірі цифрлы медиа-компанияларының бірі "Ranker" интернет-алаңына жыл сайын 49 миллионға тарта адам кіреді. Сайтта осыған ұқсас рейтингтермен бірге, спорт, сауда маркалары мен мәдениет саласында да жыл сайын сауалнама жүргізеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: