Шымкентте ерлі-зайыптыларды өз үйінде өлтіріп кетті
Күдікті тұлғаларды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сурет : otyrar.kz6 Ақпан 2019, 12:09
Шымкентте ерлі-зайыптыларды өз үйінде өлтіріп кетті, деп хабарлайды otyrar.kz.
Қазіргі таңда аталған қылмысқа қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Оқиға орнында қаланың тәжірибелі полиция қызметкерлерінен құралған жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.
Тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда. Бірқатар сараптама тағайындалған. Күдікті тұлғаларды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларына Шымкент қаласы Полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылған.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар