Жаңалықтар тізбегі
0

21 миллион. Әділ Арынның не бүлдіргені белгілі болды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2019 17:29 pixabay.com
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайының бас директоры ірі көлемде ақша жымқыру ісі бойынша екі айға қамауға алынды.

Бейбітшілік және келісім сарайының бас директоры Әділ Арынға мемлекеттік сатып алу кезінде 21 миллион теңге жымқыру айыбы тағылған, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Арын тауарларды тым асыра көтерілген бағалармен сатып алып келген. Оған бұл істе Бейбітшілік және келісім сарайының бөлім бастығы көмектескен.

Олар LED-экран сатып алу кезінде ұсталып қалды. 33 миллион теңгеге бағаланған экранды сатып алған, бірақ сатушыға небәрі 11 жарым миллион теңге аударған.

Әділ Арын Бейбітшілік және келісім сарайының бас директоры болып 2016 жылы келді. Әлеуметтік желілердегі суреттеріне қарағанда, шалқып өмір сүріп келген: сұлулық байқауларына жиі барып, спорт және шоу-бизнес жұлдыздарымен суретке түседі екен. Сондай-ақ, қызметтік сатылармен де жылдам көтерілген адам ол: "Қазақфильмде" басшы болып істеген, Сенат депутатының көмекшісі болған. Кезінде тағы астаналық ішкі саясат департаментінде басшының орынбасары болған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: