Жаңалықтар тізбегі
0

Абай ауылында зорланған бала ісі бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2019 17:55 pxhere.com
Қазір бала анасымен бірге Алматыда тұрады. Бала мектепке барады.

Апелляциялық инстанция Абай ауылындағы баланың ісі бойынша үкімді қарастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Аружан Сайын Facebook-те жазды.

– 2019 жылдың 5 наурызында Түркістан облыстық сотында соттың апелляциялық отырысы өтті. Үкім өз күшінде қалды. Сондай-ақ, алқа мүшелері тергеу барысында лауазымды тұлғалар тарапынан жәбірленушінің құқығы бұзылғаны туралы қаулы шығарды, – деп жазды ол.

Қазір бала анасымен бірге Алматыда тұрады. Бала мектепке барады.

– Әжесі мен тәтесі Абай ауылында. Ауылдағы үйі сатылмай, Алматыға көшіп келуден бас тартып отыр. Пәтерді қараусыз қалдырудан қорқады. Үй сатылған жағдайда оның ақшасын Алматы маңынан ипотекаға баспана алуға жарна ретінде құймақ. Әділеттік үшін күресте бала мен осы отбасыға қолдау көрсеткендердің бәріне олардың атынан алғыс білдіреміз, – деп жазды Аружан Сайын.

Бұл іс бойынша сот үкімі ағымдағы жылдың қаңтар айында оқылған. Кәмелетке толмаған А.Амангелді ҚР ҚК 121 бабы, 4 бөлігі бойынша айыпты деп танылып, жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

2018 жылдың наурызында баспасөзде Абай ауылында мектеп оқушысын жоғары сынып оқушылары зорлады деген ақпарат тараған. Бастапқы сараптама сексуалды зорлық фактін растамады, алайда оның қорытындысына қоғам сенбеді. Бұрынғы бала омбудсмені Зағипа Балиева баланың зорлық көргені туралы оның әжесі 2016 жылы мәлімдегенін айтқан.

Қоғамда шу шығарған осы істен кейін бірқатар шенеунік жұмыстан қуылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: