Алматыдағы түңгі клубта арнайы операция өткізілді

Алматыдағы түңгі клубта арнайы операция өткізілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2024 11:03 Сурет: Алматы прокуратурасы баспасөз қызметі
Алматыдағы түңгі клубтардың біріне Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

25 сәуірдегі Алматы прокуратурасының мәліметінше, олардың бастамасы бойынша ҰҚҚБ қызметкерлері қаланың түнгі ойын-сауық орындарының бірінде есірткі заттарын тарату жөніндегі қызметтің жолын кесті.

"Арнайы операция нәтижесінде жұмыс орнында синтетикалық "мефедрон" есірткісін сатқан 21 жастағы лаундж-бардың қызметкері (кальяншы) ұсталды.",-делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.

16 сәуірде біз Алматы маңындағы арнайы операция туралы хабарлаған болатынбыз. Оның барысында қыздан 40 кг есірткі және 28 мың доллар тәркіленген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: