Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы ауқымды операция жүргізді

ҰҚК, арнайы операция, қару-жарақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2023 11:16 Сурет: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бірден еліміздің бірнеше облысында ауқымды арнайы операция жүргізді. Бұл жөнінде 2023 жылғы 6 қазанда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми өкілі Аркен Абдуғали мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, 2023 жылғы 5 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен бір мезгілде Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында арнайы операция жүргізді.

"Нәтижесінде қару мен есірткіні заңсыз сақтауға, бопсалауға, заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыруға және өзге де ауыр қылмыстар жасауға күдікті топтардың 72 мүшесі тергеу амалдарын жүргізу үшін жеткізілді. Топтар өз әрекеттерін Қытаймен ("Қорғас" ХШЫО), Өзбекстанмен ("Жібек жолы" өткізу пункті) және Қырғызстанмен ("Қордай автомобильдік" өткізу пункті) шекаралас учаскелерде жүзеге асырған", деді Аркен Абдуғали.

ҰҚК ресми өкілінің нақтылауынша, тінту барысында атыс қаруы оқ-дәрілерімен, ірі ақша қаражаттары, есірткі, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

ҚР ҰҚК, арнайы операция, қару-жарақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2023 11:16

Сурет: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

"Тергеу іс-шаралары жүргізілуде", – деп атап өтті Аркен Абдуғали.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: