Алматыдағы арнайы операция: ҰҚК қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады
"2023 жылғы 24 маусымда ҰҚК жедел қызметкерлері арнаулы мақсаттағы бөлімшені жұмылдырумен Алматы қаласында қоғамға қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті", – делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Топ мүшелері денсаулыққа ауыр зиян келтіру, аса ірі көлемде есірткі затын сату мақсатында сақтау, қару мен оқ-дәріні заңсыз тасымалдау және сақтау қылмыстарын жасады деген күдікке ілінген.
"Үш күдікті тергеу сотының рұқсатымен қамауға алынып, қалғандарына қатысты қажетті тергеу іс-қимылдары жүріп жатыр".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Сурет: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі
Комитет қолданылған шаралар Алматы қаласының қылмыстық ахуалын жақсартуға және қылмыстық ортаның қоғамға әсерін әлсіретуге бағытталғанын атап өтті.
"Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағы 1-тармақшасына және Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.