Арнайы операция барысында ҰҚК ұйымдасқан қылмыстық топтың 14 серкесін ұстады

Арнайы операция, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2022 19:00 Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
30 маусымда ҰҚК Ішкі істер министрлігімен бірге бірмезгілде Тараз және Шымкент қалаларында "А" және "Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің жұмылдырылуымен ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз іс-әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операцияны жүзеге асырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комитеттің сайтында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұйымдасқан қылмыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсерін төмендету бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқандығы баса айтылады.

Бұл мақсатта алдын-ала жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралардың толық кешені мұқият жүргізілді. Нәтижесінде қылмыстық топ мүшелерінің тауарлы-материалдық құндылықтарды аса ірі мөлшерде ұрлауға және кәсіпкерлерден ақша қаражатын бопсалауға қатысы бар екендігі туралы дәлелдер жиналды. Арнайы операцияның нәтижесінде қылмыстық топтың 14 көшбасшысы мен белсенді қатысушылары ұсталды. Процессуалдық іс-шаралар барысында қару-жарақ арсеналы, қомақты ақша сомасы, сондай-ақ тергеу үшін қызығушылық тудыратын құжаттық материалдар табылып, тәркіленді.ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: