Жаңалықтар тізбегі
0

Астанадағы жол апаты: жараланғандар саны арта түсті

Астана әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2019 18:39 Астана әкімдігі
Үш адамға ота жасалып жатыр. Тағы үшеуі интенсивті терапия бөлімінде.

26 наурыз күні Нұр-Сұлтанда орын алған жан түршігерлік ЖКО жапа шеккендердің нақты саны - 27 жетті, деп хабарлайды Zakon.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін автобус жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі таңда 27 адамның зардап шеккені туралы ақпарат тарады.

Автобустың 66 жастағы жүргізушісі мен 26 жастағы жолаушысы қаза тапты.

Қалалық №2 көпбейінді ауруханаға 25 адам жеткізілді. Олардың төртеуінің жағдайы ауыр. Үш адамға ота жасалып жатыр. Тағы үшеуі интенсивті терапия бөлімінде. Жедел медициналық жәрдем бригадасының фельдшері қалалық №1 аурухананың нейрохирургия бөліміне "жабық бас сүйек-ми жарақаты" диагнозымен жатқызылды.

Жедел жәрдем көлігінің бригадасы да ЖКО салдарынан зардап шекті. Жедел жәрдем бригадасының тағы да бір фельдшері тізе жарақатымен Орталық жол ауруханасына жеткізілді. Оның жағдайы қанағаттанарлық. Енді ол амбулаторлық ем қабылдайтын болады.

Оқиға орнында жедел жәрдем қызметінің 22, АМО-ның 1 бригадасы жұмыс істеп жатыр.

Ұлы Дала көшесінде Қабанбай батыр даңғылының қиылысында үш автобустың және жеңіл көліктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Қала маңына қатынайтын № 303 бағыттағы автобус № 12 бағыттағы автобуспен қақтығыс жасаған. Содан кейін № 53 автобус пен жедел жәрдем көлігі де соққыға тап болған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: