Тек қана ВАЗ: алматылық полицейлер бірнеше рет көлік ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады
Zakon.kz
Күдікті қолды қылған көліктерді жеке мақсатта қолданған немесе сатып отырған.
Тек қана ВАЗ: алматылық полицейлер бірнеше рет көлік ұрлығын жасаған күдіктінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, автокөлік ұрлығын ашу бөлімінің із кешушілері кәсіби деңгейде жұмыс атқарған. Анықталғандай, 25 жастағы күдікті бөтеннің көлігін тек Жетісу ауданының аумағынан ұрлаған және өзінің жымысқы әрекеттерін тек кілттерді таңдау арқылы жүзеге асырып келген. Айта кеткен жөн, бұған дейін осындай қылмысы үшін сотты болған жұмыссыз жүрген ер адам ұрлықты өз үйіне таяу маңда жасапты.
- Қаскөй негізінен Mazda-626 және ВАЗ маркалы автокөліктерді "көздеген". Ескі көліктер ашуға да, ұрлап әкетуге де оңай. Олардың тіпті кейбірінің кілттері де бір-біріне сай келе береді. Айта кетерлігі, заманауи "барымташы" "Өжет" шағын ауданында тұрған, ал өзінің қылмысын "Айнабұлақ" ықшам ауданында жүзеге асырып отырған. Өз әрекетін жолдың арғы жағында істеген деседе болады. Қаскөй қолды қылған көліктерді жеке мақсатта қолданған немесе сатып жіберген. Мысалы, ол ауылдық жерге барып, көліктің өзінікі екенін және оны атына аударуға уақытының болмағанын айтып, "олжасын" құжат, кілтпен бірге 80-100 мың теңгеге өткізіп отырған. Қазіргі таңда күдіктінің қала аумағында жасалған тоғыз ұрлыққа қатысының барлығы дәлелденді. "А" есімді азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді Алматы қалалық ПД Криминалды полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Есен Ысқақов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript