Жаңалықтар тізбегі
0

Астаналық кәсіпкер бақылау пакеті бола тұра, өз бизнесіне жолай алмай қалды

YouTube, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2019 23:09 YouTube
2 жылдың ішінде соттарда мен және бизнестегі серіктестерім арасындағы 50-ге жуық азаматтық істер қаралды.

2019 жылдың 13 наурызында "NUR.KZ" интернет-ресурсында "Астанадағы базар басшылығының бұрынғы директоры 100 млн теңгені жасырып қалды" деген тақырыппен айыптаған мақала жарық көрді.

Оған дейін мұндай мақалалар "СОЛ DAT", "Время" газеттерінде шыққан болатын. Енді Ахматов М.И мақаласын "NUR.KZ-ке" шығарды.

Ол мақалаларда жазылған жайттар шындыққа жанаспайды, менің ар-намысыма, іскерлік абыройыма нұқсан келтіреді.

Ол мақалаларды – Ахматов М.И. тарапынан сот пен құқық қорғау органдарына қысым жасау деп бағалаймын. Мақалада Ахматовтың неге небәрі 100 миллион теңге туралы сөз көтергені белгісіз, өйткені шын мәнінде Ахматов М.И. мен Кадырбаев А.С. Астананың экономикалық сотына менің үстімнен "Чарын-ААА" ЖШС-іне 295 миллион теңгеге шығын келтірді деп жөнсіз арыз берген, бірақ неге екенін, оның тек 275 миллион теңгесін ғана ЖШС пайдасына шешуді сұраған.

Экономикалық соттың 20.07.2018 ж. шешімімен олардың арыз-талабы қанағаттандырылмады.

Астана сотының 10.10.2018 ж. шешімімен шешім өзгеріссіз қалды.

Қазір Астана қ. сотында Кадырбаев А.С-тың экономикалық соттың 21.12.2018 ж. шыққан басқа шешімі бойынша апелляциялық арызы қаралуда, онда ол менен серіктестік пайдасына 48 миллионнан астам теңге өндіруді сұраған, ол арызы да қанағаттандырылмады.

Сонымен қатар, жуырда серіктестік қатысушылары болып табылатын менің, менің отбасы мүшелерімнің "ЧарынААА" ЖШС-інің жалпы жиналыстарын шақыру мен өткізуіне тыйым салған соңғы сот шешімінің күші жойылды.

Енді мен өзімнің аты-жөнімді айта кетсем, Мен Искендіров Әбдіғани Жармұхамбетұлы, кәсіпкер-ресторатор, сондай-ақ "Чарын-ААА" ЖШС-інің қатысушысы болып табыламын.

"Шарын" базарын мен құрдым деуге болады. Оның нағыз базарға айналуы үшін көп күш-жігерімді, қаражатымды салдым. Ал Ахматов М.И. менің бар жетістігімді жоқ қылуға тырысуда.

"Чарын-ААА" ЖШС-і 2007 жылы құрылды. Оның негізгі жұмысы "Шарын" базарының құрылысы мен оның жұмысын жүргізу.

Мен "Чарын-ААА" ЖШС-іне 2012 жылдың жазында жұмысқа шақырылдым. Мен бас директор болып тағайындалған кезде "Чарын-ААА" ЖШС-інің банк алдында миллиондаған қарыздары болған, базар әлі қолданысқа берілмеген, сот шешімімен базар жұмысы да тоқтатылған болатын. Маған дейін 5 бас директор ауысты, олардың бірі серіктестік қатысушысы Кадырбаев А.С еді.

Ахматов М.И. 2012 жылдың ақпан айында өзінің бауыры Ахматов А.А.-дан серіктестіктің жарғылық капиталындағы 33% үлесті сатып алып, "Чарын–ААА" ЖШС-інің қатысушысы атанды.

Ахматов М.И. мен оның бауыры Ахматов А.А. ЖШС-тің жарғылық капиталындағы бұл үлесті қалған қатысушылардың сатып алу басымдығы құқығын бұза отырып сатып алғанына қарамастан, серіктестік қатысушылары ол екеуіне жылышырайлықпен қарады.

Басында Ахматов М.И. тыныш жүрген. Бірақ 3 ай өткенде (осы уақыт ішінде серіктестің қалған қатысушылары олардың үлесті заңсыз сатып алғанымен дауласатын құқығы болған) ол серіктестікті жауып, "Шарын" базары тұрған жер учаскесінің бір бөлігі өзіне бөлінуін талап етті. 2012 жылғы 8 желтоқсандағы жалпы жиналыстың шешімімен Ахматов М.И-дің ұсынысы қабылданбады.

Мен басшылық еткен кезеңде базар қолданысқа беріліп, оның қарыздары жабылды.

kgd.gov.kz сайтының дерегінше, мен басшылық еткен кезеңде "Чарын – ААА" ЖШС-ынан келіп түскен салықтар 7 еседен астамға көбейген.

2013 жылдың қарашасында мен серіктестіктің жарғылық капиталының 51% үлесіне ие болдым.

Ахматов М.И. серіктестіктің жарғылық капиталын көбейтуге қарсы шығып, оның дамуына кедергі болды, ол аздай серіктестікті тарқатуды талап етті. 2014 жылдың 22 ақпанында мен онымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойдым. Меморандум бойынша, оған 3 жылдың ішінде 100 миллион теңгеден астам ақша төледім. Ол үшін банктен кредит алып, оны әлі күнге дейін қайтарып келемін.

2012 жылдың қыркүйегінде Кадырбаев А.С. екеуміз ол маған "Чарын-ААА" ЖШС-інің жарғылық капиталындағы 16% үлесін бөліп төлеу арқылы сататын болып келістік. Ақшаны алғаннан кейін Кадырбаев А.С. өз үлесін маған жазып беруден бас тартты. Қолхатта Кадырбаевтың ақшаны ЖШС-тегі үлесін сатқаны үшін алғаны жазылмаған деп, сот менің арызымды қанағаттандырмады.

Айта кетсем, 2014 жылы мен өз үлесімді өз балаларыма мұра ретінде жазып бердім. Одан кейін үш баламның әрқайсысына "Чарын-ААА" ЖШС-індегі үлесімнен 1%-ын, азаматтық некедегі әйеліме 12% үлесімді сыйға бердім.

2 жылдың ішінде соттарда мен және бизнестегі серіктестерім арасындағы 50-ге жуық азаматтық істер қаралды.

Кадырбаев А.С. әйелімен бірге менің үлесімде 51% болғанымен дауласып, 5 рет сотқа берді.

Үлесімді әйелім мен балаларыма сыйға бергеніммен дауласқан Ахматов М.И. пен Кадырбаев А.С. екі реттен сотқа берді. Арыз-талаптары жөнсіз болғандықтан, сот оларды қанағаттандырған жоқ. Олардың логикасына сенсек, ЖШС-тегі үлесті әйел мен кәмелетке толмаған балаларға сыйлауға болмайды екен. Ендеше менің мұра ретінде жазып қойған үлесімді қалайша әлі дауламай жүр, деп таң қаламын.

Соттар менің ЖШС-ке зиян тигізгенімді мойындау үшін Ахматов мен жұмыс істеген кезеңдегі құжаттардың көзін құртқан болуы мүмкін. ЖШС-ке зиян тигізген қатысушылармен не болатыны белгілі ғой – серіктестіктен қуып, ЖШС-тегі үлесін тартып алады.

Бәлкім, Ахматов М.И. шенеуніктер мен соттардың қолымен менің бизнесімді тартып алғысы келетін шығар.

Ахматов М.И. батыр-ғарышкер Талғат Мұсабаев өзінің ағасы екенін көп айтады, онымен бірге жұмыс істегенін, оның үнемі көмектесіп келетінін айтады.

Кім білсін, Ахматовқа Талғат Мұсабаев та көмектесуі мүмкін, өйткені менің отбасым 51% үлеске ие бола тұра, соттар мен полицияның "арқасында" екі жыл бойы серіктестікті басқарудан шеттетіліп отырмыз. Сот актілерімен 2019 жылдың 20 ақпанына дейін маған және менің отбасы мүшелеріме серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысын шақыруға, өткізуге тыйым салынған. 2017 жылдың 27 қазанында Ахматов М.И. полиция қызметкерлерінің көмегімен базарды басып алып, мен базарға келсем, мені де қамауға алады деп қорқытты. Содан міне, 2 жыл бойы 51% үлесіміз болғанына қарамастан, біз бизнесті бақылай алмай, дивидендтер алмай келеміз.

Қазір сотта Ахматова М.И.-дің менің өз үлесімді әйелім мен балаларыма сыйлағаныма шағымданған 3-ші арызы жатыр. Осы арызын қорғау үшін Ахматов енді тағы да соттан біздің жалпы жиналыс шақыру мен өткізуімізге тыйым салуды сұрап жанталасып жүр. Ахматовтың мақаласы осы мәселе бойынша да сотқа қысым жасау мақсатында жарияланған болуы мүмкін.

Мені жоғары шенді шенеуніктер мен кейбір әділетсіз судьялардан қорғайтын жалғыз ғана қорғанышым – қарапайым азаматтар мен кәсіпкерлер қорғалатын заңның үстемдігі.

Бақылау пакетім бола тұра, өз бизнесімді бақыламақ түгілі, оған жолай алмай қалғаным қалай? Қазақстанда осылайша өмірлік бизнесіңді күшпен тартып алып жатса, инвестициялық климатымыз қандай болмақ?

Менің бизнесіме байланысты осынау жөнсіздіктерді қарастыруды сұрап, мен ел Президентіне, Жоғарғы Сот Төрағасына, Бас Прокурорға, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Төрағасына, Ішкі істер министріне, "NUR OTAN" партиясына хат жаздым. Тиісті органдар араша түседі деп үміттенемін.

Мен жұрт алдында өзіме, өз отбасыма тағылатын барлық сынға жауап беруге дайынмын, өз дәлелдерімді құжаттармен растауға дайынмын.

Құрметпен, Әбдіғани Искендіров

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: