Жаңалықтар тізбегі
0

Желіде Лонданда жүрген Бергей Рысқалиевтің видеосы пайда болды

видео кадры, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2019 22:01 видео кадры
Ол көшеде асықпай алшаң басып жүріп келе жатып, сосын өзін не себепті түсіріп тұрғанын сұрайды.

Қазақстанда ҰҚТ құрды және басқа да заңсыз әрекеттер жасады деп айыпталған Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің Лондонда жүргені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экс-шенеуніктің қыдырып жүрген сәті бейнеленген видео саясаткер Ербол Еділовтың Telegram арнасында жарияланды. Кадрлардан оның көшеде асықпай алшаң басып жүріп келе жатып, сосын өзін не себепті түсіріп тұрғанын сұрағаны көрініп тұр.

2019 жылы қаңтарда оны сырттай 17 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Атырау облысының бұрынғы әкімі бөтеннің мүлкін жымқыру, алаяқтық жасау, қылмыстық ұйым құру және оған басшылық ету, қызметтік мансабын теріс пиғылда пайдалану, пара алу сияқты баптар бойынша кінәлі деп танылған. Сот құжаттарына сәйкес, Рысқалиев өзінің қызметтік мансабын пайдалан отырып, облыстық әкімдіктің лауазымды тұлғаларымен алдын ала келісу арқылы мемлекеттің өзіне сеніп тапсырылған қаражатты аса ірі көлемде жымқыру мақсатында қылмыстық жүй құрған. Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 72 миллиард теңгеден асып түскен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: