Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Полицейлер психиатриялық ауруханадан қашып кеткендерді табуға көмектесті

Қазіргі таңда екі пациентте медициналық мекемеге қайтарылып, қажетті емді қабылдап жатыр.

Сурет : pixabay.com15 Сәуір 2019, 16:43

Ақмола облысында полицейлер психоневрологиялық ауруға шалдығып, медициналық мекемеде емделіп жатқан екі пациентті қайтаруға көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақмола облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

6 сәуір күні аудандық полиция бөлімшелерінің біріне медициналық орталықтың бастығы қоңырау шалып, психоневрологиялық ауруға шалдыққан 18 жастан асқан мүгедектерге арналған мекеменің аумағын өз еркімен тастап кеткен пациенттерді іздестіру бойынша көмек сұраған.

48 және 30 жастағы екі ер адам аталған мекемеде ем қабылдап жатқан. Белгілісі, олардың бірі шизофренияның созылмалы түрімен ауырады, ал екінші науқас мүгедектік бойынша есепте тұр.

Полиция қызмектерлері тез арада қашып кеткендердің туыстары мен таныстарын анықтаған. Келесі күні із суытқандардың бірінің Көкшетау қаласында екені анықталған, ал екінші фигурантты Ақмола облысы ПД криминалды полиция қызметкерлері облыс орталығындағы аудандардың бірінен анықтап, ұстаған.

Анықталғандай, ер адам автостоппен әкімшілік орталыққа жеткен. Ол сол жердің тумасы екен және сол жерде полицейлердің қолына түскен.

Қазіргі таңда екі пациентте медициналық мекемеге қайтарылып, қажетті емді қабылдап жатыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер