Ақтауда пышақ ұстаған адам жұрттың зәресін алды
inaktau.kz
Абырой болғанда, ішімдікке "қызып" алған адамның қолынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Ақтауда полицейлер көшеде пышақпен жүрген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz ИнАқтау басылымына сілтеме жасап.
16 сәуір күні қолында бәкісі бар ішімдікке мас ер адам 5 шағын аудан көшелерінде қыдырған. Құдай сақтағанда, ішімдікке "қызып" алған адамның қолынан ешкім жапа шеккен жоқ.
Сағат 18:50 полицияға әйел адам қоңырау шалып, қолында пышағы бар ер адамның қауіп төндіріп жүргенін хабарлаған. Аталған орынға дереу "Сұңқар-2" экипажы жөнелтіледі.
- Ер адам 4 шағын ауданда орналасқан 37 және 38 үйлердің аралығында қолға түскен. Ұсталған тұлға учаскелік пунктке жеткізілген. Оған қатысты ӘҚБк 440-бабының 1 (Ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде жүру) бөліміне сәйкес хаттама толтырылды, - деп хабарлады Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript