Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандағы әрбір бесінші автокөліктің иесі – әйел адам

avtokurazh.com.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2019 21:10 avtokurazh.com.ua
Қазақстандықтар көбінесе әр жылдары шыққан Toyota Camry мінеді екен.

Қазақстандық автобизнес қауымдастығы (АКАБ) елдегі автокөлік қоры бойынша 2019 жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ең негізгі деректер мынадай, 2019 жылдың үш айында ІІМ-де 280 892 көлік құралы тіркелген (оның ішіне жеңіл көлік, жүк көлігі, автобус, мототехника және прицеп кіреді). Бұл 2018 жылдың алғашқы үш айымен салыстырғанда 8,1%-ға көп.

264 398 көлік – 94,13% екінші қайтара тіркелген.

Қайта тіркелген көлік құралдарының жартысына жуығының жасы 20 жылдан асқан (118 594 дана). Жасы 10 жылдан 20 жылға дейінгі көлік құралдары – 71 590 дана.

Қазақстандықтар көбінесе әр жылдары шыққан Toyota Camry мінеді (16 691 дана). Одан соң басым бөлігі 90-шы жылдары шыққан Volkswagen Passat-тар көп (9 081 дана), үштікке тағы бір Volkswagen – Golf кіреді (5 863 дана). Бестікке елімізде көп кездесетін Daewoo Nexia (5 349 дана) және Audi 100 (5 098 дана) кіріп отыр.

Үздік 10 бренд. PC және LCV: I-ші тоқсанда тіркелген барлық көлік құралдары

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2019 21:10

Алғашқы тоқсанда елде тіркелген әрбір бесінші автокөлік әйел адамның атына жазылған. Әйелдер көлік түсіне айтарлықтай мән бермейді. Алайда жалпы сатылған жаңа көліктердің ішінде көбінесе ақ түске таңдау түседі (5 538 дана), сұр түстілер екінші орында (2 762 дана), қара түсті автокөліктер - 1 795 дана.

Үш айдың ішінде ең көп көлік тіркелген өңір – Алматы облысы. Мұнда қаңтар-наурыз аралығында 42 295 көлік құралы тіркелді. Екінші және үшінші орында Алматы (35 247 дана) мен Түркістан облысы (26 989 дана). Нұр-Сұлтанда 23 021 автокөлік, Шымкентте үш айда 20 383 дана автокөлік тіркеуге тұрып алды. Жаңа көліктерді ең көбі Алматыда сатылады (3 346 дана), Нұр-Сұлтанда (2 407 дана) және Атырау облысында1 349 рет алғашқы тіркеу рәсімделген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: