Жаңалықтар тізбегі
0

2-3 пайыздық ипотекамен баспана беру келесі айдан басталады

видеодан скриншот, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2019 14:55 видеодан скриншот
Төмендетілген пайызбен берілетін баспана "Тұрғын үй құрылыс жинақтары" жүйесі арқылы жүзеге асады.

2-3 пайыздық ипотекамен баспана беру келесі айдан басталады. Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында айтылды. Қазір мәселенің қаржылық негіздемесі жасалған, деп хабарлайды Zakon.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Төмендетілген пайызбен берілетін баспана "Тұрғын үй құрылыс жинақтары" жүйесі арқылы жүзеге асады. Несие үш категория бойынша беріледі. Олар көпбалалы, толық емес және мүгедек балалары бар отбасылар. Мәжілісмендер бүгін мақұлдаған "тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша" заң жобасында алғаш рет "көпбалалы отбасы" ұғымы еніп отыр.

Шавхат Өтемісов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

"Алтын алқа", "Күміс алқа" наградаларымен наградталған немесе "Батыр ана", сондай-ақ бірінші және екінші дәрежелі "Ана даңқы" атағын алған көпбалалы аналар және көпбалалы отбасылар санаты үшін тұрғын үй алуға жеке кезектілік енгізу. Қазіргі уақытта кезекте тұрған көпбалалы отбасылардың саны 31 мың 725.

Ал ауылдық жерде тұратын көпбалалы отбасыларға арналып шағын 2-3 қабатты үйлер тұрғызылады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуы бойынша мұндай тұрғын үйлердің құрылысына 5 ай кетеді. 2025 жылға дейін жыл сайын бюджеттен 50 млрд теңге бөлінеді. Осылайша, бір жылда ел бойынша 6 мың көп балалы отбасыны баспанамен қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі:

Біз әкімдерге құқық беріп отырмыз салуға да сатып алуға да. Мысалы, көпбалалы жанұя айтса қазір қолма-қол керек көршілеріміз сатып жатыр десе, мына бағдарлама бойынша бөлінген соған келіссе. Онда сатып алады да береді. Ал, сатып алатын үй жоқ болса онда үй салу керек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: