"Допингсіз жүрген" Илья Ильин Азия чемпионатында медаль ала алмады

SportX.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2019 16:52 SportX.kz
Фархад Харкиіміз 67 келі салмақта оныншы орында қалды.

Қазақстандық зілтемірші ауыр атлетикадан Азия чемпионатынан жүлдесіз қайтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен. Қоссайыс қорытындысы бойынша бар көтергені 345 (160+185) келі. Мұндай ұпай медаль үшін жеткіліксіз болып, Ильян бесінші орында қалды.

2019 жылғы Азия чемпионатында Арли Чонтей мен (55 келіге дейін) Денис Уланов (81) қола жүлде алды, Фархад Харкиіміз 67 келі салмақта оныншы орында қалды. Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов турнирден шығып кетті.

Әйелдер де медаль алмады. Зүлфия Чиншанло (55) төртінші орын алса, Карина Горичева (64) бесінші болды.

Құрлық чемпионаты Қытайдың Нинбо қаласында өткен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: