Жаңалықтар тізбегі
0

Жыл камбэгі. "Ливерпуль" "Барселонаны" 4:0 етіп, финалға шықты

видеодан скриншот, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2019 14:36 видеодан скриншот
Бүгін екінші жартылай финалда "Тоттенхэм" мен "Аякс" финалға шығуға таласады.

"Барселона" бірінші кездесуде "Камп Ноу" стадионында "Ливерпульді" 3:0 есебімен ұтып, істі тындырғандай болған еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарымта кездесуде "Ливерпульдің" ерлік жасайтынына сену қиын болған. Жарақатына байланысты Мохамед Салах пен Роберто Фирмино болмады. Олардың орнына негізгі құрамда Джердан Шачири мен Дивок Ориджи шықты.

"Ливерпуль" алдымен жылдам доп соғып алды. Ориджи көзге түсті.

Екінші таймда голландиялық ойыншы Жоржиньо Вейналдум 54-ші және 56-шы минуттарда есепті 3:0 етті.

79-ші минутта Дивок Ориджи бұл кездесудің нүктесін қойды.

Бүгін екінші жартылай финалда "Тоттенхэм" мен "Аякс" финалға шығуға таласады.

Чемпиондар лигасының финалы 1 маусымда Мадридтегі "Ванда Метрополитано" стадионында өтеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: