Қазақстанда президентке кандидаттардың теледебаты тікелей эфирде өтеді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2019 17:36 zakon.kz
Оның қайда, қашан, қандай болатыны кейінірек айтылады.

ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрі Дәурен Абаев президентке кандидаттардың өзара дебаттарын телеарналардың тікелей эфирінде көрсетуге дайындық жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Менің білуімше, теледебаттар болады. Және ол тікелей эфирде өтеді, – деп хабарлады ол.

Алайда министр дебаттардың тақырыбы, онда қандай сұрақтар қойылатынын нақты айтпады.

– Теледебат болғанда, кандидаттар өзара сөз таластырады. Оның қайда, қашан, қандай форматта өтетіні кейінірек белгілі болады, – деді Абаев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: