Жаңалықтар тізбегі
0

Арсыз әке қызының ақшасын ұрлап, эротикалық массажға барды

Washington County Sheriff's Office, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2019 15:48 Washington County Sheriff's Office
Өзіне күдік келмеуі үшін үй есігінің құлпын бұзып, ұры түсті дегендей вариант жасап қойған.

Американың Орегон штатының тұрғыны жасөспірім қызының жинап жүрген ақшасын сып еткізіп, оны эротикалық массажға жұмсапты. Бұл туралы жергілікті OregonLive жаңалықтар порталы жазған, дейді Lenta.ru.

Брайан Дэвид Кутюр (Brian David Couture) өз қызының печенье сатып тапқан 700 долларын ұрлап кетіп, сол ақшаға интим қызметтің қызығын көріп алған. Өзіне күдік келмеуі үшін үй есігінің құлпын бұзып, ұры түсті дегендей вариант жасап қойған.

Кутюр ойлап тапқан аңызға сай, үйге ұры түсіп, өзіне шабуыл жасаған. Прокурорлардың айтуынша, үйге келген полицейлер ақшаның жоғалғанын тіркеді. Олар сондай-ақ сынған ноутбук пен қан іздерін тапты. Округ прокурорының орынбасары Томас Белесиудің (Thomas Belesiu) сөзінше, ол полицияны сендіру үшін өзін өзі жаралаған.

Айта қалғаныңа сене қалатын тергеушілер болушы ма еді? "Массажқұмар" еркектің өтірігі тез-ақ ашылды. Ақыры Кутюр бәрін өзі мойындады.

Сот тыңдауы 20 мамырда, дүйсенбі күні өтті. Сот шешімімен Кутюр шартты түрде 1,5 жылға сотталып, 80 сағат қоғамдық жұмысқа жегілетін болды. Ол аздай, келтірген шығынын өтеп, тағы 100 доллар айыппұл төлеуі тиіс.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: