Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Шымкент пен Түркістанда "7-20-25" бағдарламасы бойынша 214 өтініш мақұлданды

"7-20-25" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша қарыз алуға 147,5 миллиард теңге сомасына 13 003 өтініш қабылданды.

Сурет : Zakon.kz22 Мамыр 2019, 17:39

Түркістан облысы мен Шымкент қаласында "7-20-25" бағдарламасы бойынша баспана алу мүмкіндігі туып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бес әлеуметтік бастаманың негізгісі – тұрғын үй мәселесі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында ұсынған 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыруда аймақтарға артылған міндет ерекше. Әсіресе, халықты баспанамен қамтамасыз ету, жалақысы төмен жұмысшы, қызметкерлерге салықтық жеңілдіктер жасау, жастардың білім алуы және жатақханамен қамтылуына байланысты орындалатын міндеттер мен ынталы адамдардың кәсіпкерлікпен айналысуына қолдау көрсету облыс, аудан әкімдерінің ендігі жердегі негізгі жұмыс бағытына айналмақ.

"Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының "Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша "Азаматтық бақылау" қоғамдық мониторингін жүргізу" гранты аясында "Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі Азаматтық бақылау" қоғамдық мониторингін жүргізу барысында бес әлеуметтік бастаманың біріншісі – тұрғын үй мәселесіне байланысты мониторинг жүргізілуде.

Таяуда Ұлттық банк "7-20-25" бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпаратты жариялады. "7-20-25" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша қарыз алуға 147,5 миллиард теңге сомасына 13 003 өтініш қабылданды. Оның ішінде 89,7 миллиард теңге сомасына қарыз беруге 7 737 өтініш мақұлданды", - делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Осы тұрғыда Түркістан облысында Елбасының әлеуметтік бастамаларына қолдау білдіріп, аймақта атқарылатын жұмыстардың бағыты айқындалып, жүзеге асылырып жаптқандығын айта кеткен жөн.

Бес әлеуметтік бастаманың бірінші бастамасына сәйкес 7-20-25 бағдарламасы бойынша Түркістан облысында бірқатар жұмыстар атқарылуда. 7-20-25 бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2019 жылы Шымкент қаласы мен Түркістан облысында 4,2 млрд. теңге сомасына 425 өтініш қабылданды. Соның ішінде 2,2 млрд. теңге сомасына қарыз беруге 214 өтініш мақұлданды. Тағы бір айта кетер жайт – халыққа ипотекалық несие беруде екінші дәрежелі банктердің атсалысуы ерекше.

Елбасының 5 бастамасының бірінші бағыты бойынша жасалатын жұмыстар аймақтағы құрылыс нарығының дамуына негіз болуда. Жеңілдетілген несие тетіктері іске қосылғаннан кейін бұл адамдардың баспаналы болуға деген мүмкіндіктері артуда.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер