Жаңалықтар тізбегі
0

Tele2 Қазақстаннан кетеді. Сайлаудан кейін

akket.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2019 21:41 akket.com
Енді елдегі 4 ұялы оператордың үшеуі "Қазақтелекомдікі" болады

Tele2 AB тобы бірлескен кәсіпорындағы өз үлесінің бағасы жөнінде "Қазақтелекоммен" келісті, деп хабарлайды Zakon.kz Forbes.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі пассивті міндеттемелерін санамағанда Tele2-нің таза табысы 169 млн долларды құрайтын болады. Сонымен қатар, Tele2 акционерінің 80 млрд теңгелік несиесі толық өтеледі.

Tele2-ні сату маусымның соңында аяқталады.

– Tele2 Қазақстанда сәтті бизнес құрды. Бірлескен кәсіпорын клиенттер базасын айтарлықтай ұлғайтып, табысын, нарықтағы үлесін кеңейтті. Tele2 Қазақстанға кірген кезден бері бір клиентке шаққандағы мобильді интернетті тұтыну жүз еседен астамға өсті. Мен Қазақстанда қалдырған мол мұрамызды мақтан етемін, – деді Tele2 президенті мен бас атқарушы директоры Андерс Нильссон.

Tele2 AB тобы мен "Қазақтелеком" мобильді байланыс саласындағы бизнестерін біріктіру туралы 2015 жылдың қарашасында келіскен болатын. Швециялық оператордың 3 жылдан кейін акциядағы өз үлесін сату құқығы болған, 2018 жылдың соңында компания сол құқығын пайдаланатын болып шешті.

Қазақстаннан Tele2 кеткеннен кейін "Қазақтелеком" елдегі 4 оператордың үшеуін бақылайтын болады: Kcell, Tele2 және Altel.

Енді еліміздегі мобильді байланыс нарығында тек Beeline ғана тәуелсіз ойыншы болып қалады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: