Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда қылмыскерлер күзетшіні есінен тандырып, банкоматты ашпақ болды

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2019 18:13 Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі
Тергеу барысында күдіктілердің бұған дейін дүкендердің бірінен төлем терминалын ұрлап кеткендіктері белгілі болды.

Нұр-Сұлтан қаласының криминалды полиция қызметкерлерімен банкоматты тонамақ болған ұрылыр ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорданың екі тұрғыны мен Ақмола облысының тұрғыны қала емханаларының бірінде тұрған банкоматтағы ақшаны ұрламақ болған. Олар кешқұрым мекемеге кіріп, күзетшіні есінен тандырған, артынша банкоматты болгаркамен кеспекке бел буады. Қаскөйлер ойлағанын жүзеге асыра алмай із суытқан.

Жедел-іздестіру шараларының барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камералының көмегімен күдіктілерді ұстаған. Олар 38, 34 және 29 жастағы ер адамдар болып шықты. Тергеу барысында күдіктілердің бұған дейін дүкендердің бірінен төлем терминалын ұрлап кеткендіктері белгілі болды.

Аталған дерекке қатысты соталды тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Олардың елорда аумағында жасалған осы сияқты басқа да қылмыстарға қатыстарының бар жоғы тексеріліп жатыр.

- Осы азаматтардың заңға қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар болса Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне: Бейбітшілік көшесі,19 мекен-жайына немесе 8 (7172) 71-61-51; 71-63-16 және "102" телефон нөмірлеріне хабарласуларын сұраймыз, - деді елорданың ПД.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2019 18:13, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2019 18:13

, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2019 18:13

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: