Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева қамауға алынды

ҚР Білім және ғылым министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2019 17:33 ҚР Білім және ғылым министрлігі
Тұтқынға алу шарасы 2 тамызға дейін санкцияланған.

Нұр-Сұлтанда Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпаратты елорда сотының баспасөз қызметі растап отыр.

- Ауданаралық мамандандырылған тергеу соты күдікті Эльмира Суханбердиева қатысты тұтқынға алу санкциясын шығарды, - деді сот өкілдері.

Тұтқынға алу шарасы 2 тамызға дейін санкцияланған.

Кеше Ұлттық бюроның ҚР білім және ғылым вице-министріне қатысты тергеу жүргізіп жатқаны белгілі болды, бірақ күдіктінің аты-жөні айтылмаған болатын.

Эльмира Суханбердиева 1971 жылы туған. Еңбек жолын Шевченко қаласындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімінен бастаған. Әр жылдары Алматы облысы Іле ауданындағы № 7 орта мектептің, Астананың №60 мектеп-лицейінің директоры, Астана қалалық Білім басқармасының басшысы болып қызмет атқарды. 2016 жылдың сәуірінен бері ҚР білім және вице-министрі қызметінде отырған. Арасында 1 жыл бала күтімімен демалыста болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: