Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда шапалақ ұрудан тұңғыш рет турнир өтеді

IslamDag, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2019 15:35 IslamDag
Мұндай турнирлер АҚШ-та өте танымал. Былтырдан бері Ресейде де бірін-бірі шапалақпен ұрудан чемпионат өте бастады.

Петропавлда тұңғыш рет шапалақ ұрудан турнир өтеді. Көңіл көтерудің мұндай әдісін екі жас жігіт – Әділхан Шуканов пен Сергей Швец ойлап тауыпты. Бұл туралы Петропавловск News жазады, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Жарыс өткізудің нақты ережелерін енгіздік, әлеуметтік желілерде топтар құрдық. Бәрі сәтті шықса, турнир өтеді. Көңіл көтеруге де, табыс табуға да мүмкіндік, – дейді Әділхан.

Сергейдің айтуынша, жарыс ережесі өте қарапайым.

– Біріншіден, қатысушылардың жасы 18-ге толған болуы тиіс, екіншіден, ешкім ауыр жарақат алып қалмауы үшін шапалақ-соққы толық алақанмен емес, саусақ ұштарымен жасалады. Жекпе-жек бес раундтан тұрады, қатысушылардың бірі жеңілісін мойындамаса, жеңімпазды бес раундтан кейін төрешілер анықтайды.

Ұйымдастыршулардың айтуынша, турнирде медициналық қызметкер болады. Алайда өзге елдердің мұндай турнир өткізу тәжірибесі көрсеткендей, шапалақтан ауыр жарақат бола қоймайды.

Мұндай турнирлер АҚШ-та өте танымал. Былтырдан бері Ресейде де бірін-бірі шапалақпен ұрудан чемпионат өте бастады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: