Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Тоқаев жеңді, Қосанов екінші – Exit-poll нәтижесі

Exit-poll-дың алдын ала мәліметтері – Тоқаевқа қазақстандықтардың шамамен 70% дауыс беріп тастады.

Сурет : Zakon.kz10 Маусым 2019, 01:29

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаевқа 70 % қазақстандық дауыс берген. Бұл туралы брифингте "Жастар" Ғылыми-зерттеу орталығы" ЖШС директоры Талғат Қалиев хабарлады, деп жазады Zakon.kz тілшісі.

- Азаматтардан сұрау алу барысында кімге дауыс бергендіктері жайлы сұрақ қойылды. Сұрау нәтижесі: Жамбыл Ахметбеков 3,116 % дауыс жинады, Дания Еспаева 4,78 %, Әміржан Қосанов 14,96 %, Төлеутай Рахымбеков 2,71 %, Амангелді Таспихов 2,63 %, Қасым-Жомарт Тоқаев 69,94 % және Сәдібек Түгел 1,92 % дауыс алды, - деді Қалиев.

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңқайында "Қоғамдық пікір" институты жүргізген exit-poll-дың нәтижелері де айтылды.

Институттың мәліметінше, Тоқаевқа 70,13%; Ахметбековке 2,86%; Еспаеваға 5,32%; Қосановқа 15,39%; Рахымбековке 3,03%; Таспиховқа 1,41% және Түгелге 0,86% дауыс берілген.

- Сайлаушыларға халықаралық әдіс бойынша сұрақ қойылып, сауалға жауап берушіге "Айтыңызшы, ҚР президентін сайлауда қай кандидатқа дауыс бердіңіз" деген сұрау берілді. Таңғы сағат 7-ден кешкі 20:00 дейін 6 толқынға сауал беріліп, нәтижесінде 13 мың 200 сайлаушыдан жауап алынды. 3% қателік кетті. Сауал жүргізуде 350 сұхбат алушы жұмылдырылды, - деді брифингте "Қоғамдық пікір" институты кеңесінің төрағасы, әлеуметтану магистрі Айнұр Мәжитова.

9 маусым күні Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Мемлекет басшысы лауазымына жеті кандидат үміткер болып отыр: Коммунистік халықтық партиясы атынан - Жамбыл Ахметбеков, "Ақ Жол" партиясынан - Дания Еспаева, "Ұлт тағдыры" ұлттық-патриоттық қозғалысының атынан - Әміржан Қосанов, "Ауыл" партиясының атынан – Төлеутай Рахымбеков, Қазақстан Кәсіподақтар федерациясынан – Амангелді Таспихов, Nur Otan партиясы атынан – Қасым-Жомарт Тоқаев, "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігінің атынан Сәдібек Түгел.

Дауыс беру жалпы мемлекет аймағы мен одан тыс 9 968 сайлау учаскесінде жүзеге асырылды.

ОСК таратқан алдын ала мәліметке сәйкес, Қазақстанның аймақтық учаскелеріне келген сайлаушылардың саны 77,4% құрады. Ақмола облысында 83,4% салаушы дауыс берген, Ақтөбе облысы – 84,9%, Алматы облысы – 89%, Атырау облысы – 71,2%, Шығыс Қазақстан облысы – 84,9%, Жамбыл облысы – 81,3%, Батыс Қазақстан облысы – 66,3%, Қарағанды облысы – 77,3%, Қызылорда облысы – 81,6%, Қостанай облысы – 84,1%, Маңғыстау облысы – 68,9%, Павлодар облысы – 81,2%, Солтүстік Қазақстан облысы – 79,8%, Түркістан облысында – 84,8% сайлаушы өзі дауысын берген. Ал Қазақстанның астанасында 68,9% сайлаушы, Алматы – 52,2% және Шымкентте – 67,6% азамат қатысқан.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер