Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматыда шетелдіктер "демалатын" секс-притон табылды

Бұл көңіл көтеру орны жайлы бұрыннан белгілі болатын.

Сурет : Баспасөз қызметі14 Маусым 2019, 12:42

"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық шарасының барасында Бостандық ауданының полиция қызметкерлері 23 жеңіл жүрісті қыздар "еңбек" еткен караоке-барды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, көңіл көтеру орнын тексеру барысында Оңтүстік Кореядан келген 15 "клиент" анықталған.

- Бұл көңіл көтеру орны жайлы бұрыннан белгілі болатын. Оның иелері өзгергенмен, қызметтік бағыты бәз баяғы қалпында қала берген. Ұсталғандар полиция бөлімшесіне жеткізілді. Жеңіл жүрісті қыздарға қатысты ҚР ӘҚБк 449 бабы бойынша әкімшілік жаза туралы хаттама толтырылды. Ал шетелдіктер көші-қон заңнамасына сәйкес тексеріледі. Қазіргі таңда караоке-бардың нақты иесінің кім екені анықталып жатыр. Оған қатысты заңға сәйкес жауапкершілікке тарту бойынша шара қолданылады, - деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер