Тоқаев: Елбасы - бар ғұмырын халқына қызмет етуге арнаған ұлтының адал перзенті

Ақорда Ақорда
Сонымен қатар, ол - жаһандық ауқымдағы мықты саясаткер және көрнекті реформатор ретінде адамзат тарихындағы ұлы тұлға.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы "Кемеңгерліктің 30 жылы" атты халықаралық ғылыми конференция барысында қазақстандықтардың жаңа сыни кезеңге дайын болуы керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Әлем тоқтаусыз даму жолында. Қазақстанды үлкен сынақтар күтіп тұр. Қазіргі халықаралық қатынастардың турбуленттілігі кезінде туған реформалар өспелі жаһандық бәсеке кезіндегі күрделі георграфиялық жағдайларда жүзеге асырылады. Нұрсұлтан Әбішұлы жалпы ұлтты қатаң бәсекеге дайындап жатыр. 21 ғасырда оңайға соқпайтынын ескертемін. Біздің уақытымыздың парадигмасы осындай. Қазақстанның Тұңғыш Президенті - бар ғұмырын өз халқына еңбек етуге арнаған ұлтының адал перзенті. Сонымен қатар, ол - жаһандық ауқымдағы мықты саясаткер және көрнекті реформатор ретінде адамзат тарихындағы ұлы тұлға", - деді ҚР Президенті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз