Жаңалықтар тізбегі
0

Өзбекстанда жол апатынан Қазақстанның 5 адамы жараланып, біреуі көз жұмды

BB.lv, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2019 15:03 BB.lv
Өзбек тарапы зардап шеккендерге операция жасау үшін Ташкенттен медицина мамандарын жіберді.

23 маусымның түнінде Өзбекстанның Сырдария облысындағы Ташкент-Термез тас жолында жеңіл автокөлік пен КамАЗ жүк көлігінің қатысуымен жол апаты орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Апат салдарынан 7 адам зардап шекті, оның 6-ауы - Қазақстан азаматтары. Оның біреуі оқиға орнында мерт болды. Зардап шеккендердің арасында 2008 және 2010 жылы туған екі бала бар" делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанның елшісі бұл мәселені жеке бақылауына алған. Қазақстандық дипломаттар ҚР азаматтарына тиісті көмек көрсету үшін оқиға орнына жетті. Қазақстан және Өзбекстан Денсаулық сақтау министрліктері қажетті медициналық көмек көрсету үшін тікелей байланыс орнатқан.

Өзбек тарапы зардап шеккендерге операция жасау үшін Ташкенттен медицина мамандарын жіберді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: