Жаңалықтар тізбегі
0

Талдықорғанда тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау бойынша қабылдау өтті

Алматы облыстық ПД, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2019 14:59 Алматы облыстық ПД
2019 жылы әлеуметтік орталықта 42 тұлғаға қызмет көрсетілген. Олардың 16 әйел, қалғаны – кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер.

Алматы облысының тәртіп сақшылары "Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!" республикалық акциясы шеңберінде облыс тұрғындарына ақпараттық-құқықтық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық полиция департаментінің қызметіне сілтеме жасап.

Облыс орталығы-Талдықорған қаласындағы «Өтенай» ауылдық округінде ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшылығы жергілікті тұрғындарды қабылдап, полиция қызметіне қатысты өтініштері мен пікірлерін тыңдады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу, сондай-ақ ана мен баланы қорғау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету мамандары тартылды.

Қабылдауға келген тұрғындар отбасылық-тұрмыстық мәселелерді шешуде өскелең ұрпақтың, жастардың тәрбиесіне мән беру керектігін, "үйленудің оңай, үй болудың қиын" екенін айтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу қажеттігін атап өтті.

Полицейлер таратқан ақпаратқа сәйкес, 2019 жылы әлеуметтік орталықта 42 тұлғаға қызмет көрсетілген. Олардың 16 әйел, қалғаны – кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер.

Сонымен қатар, жыл басынан бері облыстық полицейлер отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Сіздің құқығыңыз қорғалады», "Әйел – отбасы шырағы" акциясы, "Тұрмыс", "Профилактика" жедел алдын алу іс-шараларын өткізді, түрлі әлеуметтік бейнероликтер әзірледі, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе куәгері болған жағдайда негізгі іс-әрекеттер туралы арнайы ақпараттық құралдар дайындады.

Алматы облысында полицейлер отбасылық-тұрмыстық қатынаста 1963 құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасын шығарып, 401 ерекше талап орнатқан.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2019 14:59

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: